Еуроодақ Қытай тауарларына салық салады

Еуроодақ Қытайдан келетін арзан тауарларға кеден салығын салғалы жатыр.

Еурокомиссия бұл шара сапасыз өнімдерге тосқауыл қояды деп есептейді. Бұған дейін Еуроодақтан тыс жерде сатып алынған тауарларға салық салынбайтын, тек оларды құны 150 еуродан аспауы тиіс болатын. Енді аталған ереже өзгермек. Былтыр "кәрі құрлық" аумағына салық төленбейтін 2 миллиард өнім кіріпті. Еурокомиссия мұндай ауқымдағы тауар кеден саласына үлкен салмақ дейді.