Ердоған: Түркия ШЫҰ-ға мүше болуды қалайды
Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуды мақсат етеді.
Президент Режеп Тайип Ердоған НАТО саммитінен кейін осындай мәлімдеме жасады.
Түрік басшысының айтуынша, ресми Анкара мәселеге қатысты ұйымның тұрақты мүшелерін қолдау білдіруге шақырған. Өткен аптада Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараның БРИКС-ке де қосылуды қалайтынын айтқан еді. Ол бұл бірлестік ЕуроОдаққа «жақсы балама» бола алатынын атап өтті.
Айта кетейік, Түркия - «ШЫҰ-ның диалогтық серіктес елі» мәртебесіне ие 14 мемлекеттің бірі.
Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:
- Біздің мақсатымыз - Шанхай ынтымақтастық ұйымының тұрақты мүшесі болу. Қазір бұл құрылымға бақылаушы ел мәртебесіне иеміз. Енді Түркия оның толыққанды мүшесіне айналуы керек. Мен мұны Қазақстан Президентімен кездескенде талқылап, осы бойынша барлық тұрақты мүшелердің қолдау білдіруін сұрадым. Мәселені Ресей және Қытай басшыларымен де талқылаған болатынмын.