Техаста 760 мың үй жарықсыз отыр

АҚШ-тың Техас штатында қатты дауыл соғып, ондаған адам опат болды.

Желдің екпінінен инфрақұрылым бүлініп, электр желілеріне зақым келген. Салдарынан 760 мың үй бірнеше күннен бері жарықсыз отыр. Оған қоса шыжыған ыстық тұрғындарға маза берер емес. Мұнда сынап бағанасы 30 градустан төмен түспей тұр. Жұрт аптаптан қорғану үшін қауіпсіз салқын жер іздеуге мәжбүр. Ал жарықтың болмауы емдеу орындары мен әлеуметтік мекемелерге қиынға соғып отыр. Сол себепті билік шұғыл шара қабылдап, өңірде төтенше жағдай режимін жариялады. Аса қажеттілік болмаса, тұрғындарды тысқа шықпауға шақырды.