Қытайда тасқын қаупі сейілер емес
Қытайдың Хубэй провинциясында 2 күннен бері толассыз жаңбыр жауып, арты тасқынға ұласты.
Қазір, Ухань, Ичан, Цзинмен және Сяогань аудандарында тасқын қаупі жоғары. Янцзы өзені арнаснынан асып, аймақтағы 754 су қоймасы кемеріне келген. Мамандар тасқын қаупі әлі сақталатынын айтады. Осыған байланысты тұрғындарды эвакуациялау шаралары жүріп жатыр. Сондай-ақ найзағай мен қатты соққан желге байланысты бірқатар өңірде электр желілері ажыратылды.