Сирияда 160-қа жуық медициналық мекеме жабылуы мүмкін

Оған қаржыландырудың жоқтығы себеп, деп хабарлайды 24kz.

2024 жылы сириялықтарға көмек ретінде берілу тиіс соманың бүгінге дейін 6%-і ғана бөлінген. Соның салдарынан миллиондаған азамат қарапайым медициналық қызметтерге қол жеткізе алмай қиналып отыр. Ал дәрігерлер бірнеше ай бойы жалақысыз жұмыс істеп жүр. Соңғы жылдары гуманитарлық көмек көрсетумен айналысатын БҰҰ агенттіктері мен халықаралық ұйымдардың бюджеті біршама қысқарды. Соның кесірінен Сирияға гуманитарлық қолдау көрсету сиреп, елде кедейшілік кеңінен етек жая бастаған.