Байден Трамптың көңілін сұрады

Д. Трамп — қару ұстауды жақтаушы

YOUTUBE.COM/CBS NEWS

Әлемдегі түрлі атыс қаруларына шолу жасайтын швейцариялық тәуелсіз орталықтың мәліметі бойынша, американдықтар дүние жүзіндегі ең көп қаруланған халық. Олардың қолында шамамен 400 миллион қару бар. АҚШ тұрғындары әлемдегі барлық заңды қарудың 46 пайызына ие. Сонда әр жүз америкалыққа 120 қарудан келеді. Осы көрсеткіш бойынша екінші орын алатын Йеменде әр жүз адамға 58 қарудан келеді. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-та атыс қаруын алған тұрғындар саны көбеймесе, азайып отырған жоқ. Әсіресе бұл көрсеткіш коронавирус кезінде рекордты деңгейге жетіп, 23 миллион қару сатылған. АҚШ-та 9 миллиметр калибрлі тапаншаға, помпалық қару мен жартылай автоматты AR-15 винтовкасы жоғары сұраныс ие. 

YOUTUBE.COM/WGALTV

Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:

"Байденнің қару иелері мен өндірушілеріне жасаған әрбір шабуылы мен қызметке келген алғашқы аптада, тіпті бірінші күні тоқтатылады."

Қару ұстауға шектеу енгізген Байден Трамптың көңілін сұрады

Демократиялық партия атынан сайланған президент Джо Байден 2022 жылдың 25 маусымында атыс қаруының айналымына бақылауды күшейту туралы заңға қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес, биліктің пікірі бойынша қоғамға қатер төндіретін адамдардан атыс қаруығ алып қою және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін сотталған адамдарға 5 жылға дейін қару ұстауға тыйым салу көзделген. Сондай-ақ  Федералдық тергеу бюросына жасы 21-ге толмаған азаматтардың қару сатып алу кезінде жеке мәліметтерін тексеру құзыреті берілді. Трампқа шабуыл жасалған кезде қазіргі президент Джо Байден Рехобот қаласында демалып жатқан. Оқыс оқиғаны ести сала ол демалысын дереу үзіп, шұғыл Ақ үйге келді. Байден шабуылды айыптап, саяси қарсыласына қоңырау шалды және президент болған кезеңінде үшінші рет Америка халқына үндеу жолдады.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

"Америкада мұндай зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Ешбір адам зардап шекпеуге тиіс. Бізге саясаттағы қызуды сәл басу керек. Алдағы сайлауға артылған үміт зор. Америка демократиясында пікірлер әралуан болуы әбден мүмкін. Бұл бір жағынан заңды құбылыс. Бірақ саясатты тура мағынасында ешқашан атыс-шабыс алаңына айналдырмау қажет."

Оқ тиген Трамптың бейнесі сайлауалды науқаны үшін өте тиімді болуы мүмкін

АҚШ

Дональд Трамптың шабуылдан кейінгі фотосы мен видеосы әлемді шарлап кетті. Ең кең таралғаны мына сурет. Түсірген ірі ақпараттық агенттіктердің бірінде жұмыс істейтін фотограф Эван Вуччи. Бұл суретте және видеода Трамп өз сайлаушыларына нық сеніммен қарап, "Күресіңдер!" деп айқайлап тұр. Сарапшылардың айтуынша, осы бейне сайлауалды науқанға сұранып тұр. 

Джулия Азари, Маркетт университетінің саясаттану профессоры:

"Трамптың оқ тиіп, қан жоса болған бейнесі көптеген адамды бей-жай қалдырмады деп ойлаймын. Оны тіпті президенттік сайлауалды науқанда барынша кеңінен пайдаланып қалуы мүмкін. Трампқа қастандық жасалғандығы туралы әңгіме оның сайлауалды науқанына жақсы әсер етуі ғажап емес."

Әлемде қару ұстауды азаматтардың конституциялық құқығы деп бекіткен 3 ел бар. Олар Гватемала, Мексика және АҚШ. АҚШ халқы әлем тұрғындарының 4 пайызын жуықтаса да, дүние жүзіндегі атыс қаруының 46 пайызы осы америкалықтардың қолында.