Пәкістанда аптаптан 2000 адам ауруханаға түсті
Пәкістанның Карачи қаласында аптаптан 2 мыңнан астам тұрғынның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті деп хабарлайды 24kz.
2 адам көз жұмған. Емдеу мекемелерінде қазір бос орын жоқ. Синоптиктердің айтуынша, кейінгі күндері қалада ауа температурасы 41 градусқа көтерілген. Бірақ ылғалдың жоғары болуынан күн қызуы 50 градус секілді сезіледі. Жұрт жаппай желдеткіш және басқа да салқындатқыш құралдардың көмегімен жан бағуға мәжбүр. Салдарынан электр желілерінің істен шығуы жиілеген.