Қытай жауыннан электр қуатын алуды үйренді
Қытай ғалымдары жаңбыр тамшыларынан электр тоғын алуды үйренді.
Олар бұны іске асыратын генератор ойлап тапқан. Мұндағы басты элемент - су жұқтырмайтын қабыршақ. Тамшылар тигенде, ол пішінін өзгертіп, қайта қалпына келеді. Соның нәтижесінде электр энергиясы пайда болады. Ғалымдар бұл қуат көзі жарық диодтары мен желдеткіштер жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті деп отыр.