Жасанды интеллект жалған ақпаратты жаудырып тұр
Жалған ақпарат 2024 жылдың басты қауіп-қатерлерінің бірі.
Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумда айталды. Шындыққа ұласпайтын мәлімет коронавирус кезінде көбейіп кеткені белгілі. Ал кейінгі кездері жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңейген сайын фейк ақпарттың қаупі күшейе түскен.
АҚШ-та жалған ақпаратпен күресті Орталық барлау басқармасы жанында құрылған мекеме айналысады. Қазір оның жұмысы қауырт. Өйткені биылғы президент сайлауы алдында үміткерлердің беделіне нұқсан келтіріп, осылайша саяси шараға кері әсер етпек мақсаттағы фейк мәлімет көбейген. АҚШ-та бұл ұйымнан бөлек онлайн-платформалардың иелеріне де үлкен жауапкершілік артылады. Олар жария етілетін мәліметті тексеріп отыруға міндетті. Ал әлеуметтік желі иелері күмәнді ақпаратты өз бетінше өшіріп тастай алмайды.
Аргентина
Аргентинада жалған ақпаратпен күрес туралы арнайы заң жоқ. Десе де мұнда 2020-жылы "Цифрлық медиакеңістікте жалған ақпаратты бақылау жөніндегі мекеме" пайда болды. Ондағылар жасанды интеллект және арнайы боттардың көмегімен желідегі мәліметті тексеріп отырады.
Бразилия
Аргентинамен көршілес Бразилияда биыл күзде жергілікті кеңес мүшелері мен мэрлер сайлануы тиіс. Осыған байланысты үміткерлер сайлауалды науқанында жасанды интеллекттті қолдану туралы кез келген ақпартты жария етуге міндеттелген. Ережені бұзған кандидат мандатынан айырылуы мүмкін.
Қырғызстан
Ал Қырғызстанда онлайн платформалардағы фейк ақпаратқа қатысты шағымдарды қабылдайтын арнайы орган бар. Ол 2021-жылы жалған мәліметпен күрес туралы заңға қол қойылғаннан кейін құрылған. Соған сәйеб-сайттар шындыққа ұласпайтын ақпаратты 24 сағат ішінде өшіріп тастауға міндеттеледі. Талапқа бағынбаған платформалар бұғатталады.