Трампқа қастандық үшін жауапкершілікті Құпия қызмет басшысы өз мойнына алды

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа жасалған қастандық үшін жауапкершілікті АҚШ-тың Құпия қызметінің басшысы Кимберли Читл өз мойнына алды.

Бұл туралы New York Post хабарлады. Басылымның жазуынша, Читл экс-президентке жасалған шабуыл Құпия қызметтің кейінгі онжылдықтағы ең үлкен олқылығы деп атаған. Аталған іс бойынша тыңдау Құрама Штаттардың Өкілдер палатасында өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілдеде Пенсильвания штатындағы сайлауалды жиында Трампқа оқ атылып, құлағынан жарақат алған еді. Оның артында тұрған адам қаза тапты.