Францияның спорт министрі Сенада жүзуге қатысты пікірін білдірді

Францияның спорт министрі Амели Удеа-Кастера Сена өзенінде жүзуден алған әсерімен бөлісті деп хабарлайды 24kz.

Саясаткердің сөзінше, денсаулығына қатысты ешқандай шағым жоқ. Денесіне қандай да бір бөртпе шығып, терісі қызармады.

Естеріңізде болса, осыдан 10 күн бұрын саясаткер судың сапасын тексеру үшін Сенаға түскен еді. Осылайша, көпшілікке өзен суының қаншалықты тазартылғанын көрсетпек болды. Бұған дейін триатлон мен жүзуден жарыстар өткізу жоспарланған бұл өзенде қауіпті бактериялардың жоғары концентрациясы анықталған еді.