Қытайда робот маржан рифтерін сақтап қалуға көмектеседі

Қытай ғалымдары маржан рифтерін сақтап қалудың тың әдісін ойлап тапты.

Сиань университетінің профессорлары арнайы робот жасап шыққан. Құлтемір теңіздегі балықтардың жағдайын, судың сапасы мен температурасын үнемі бақылауда ұстайды. Себебі дәл осы факторлар маржан риффтерінің жойылуына тікелей әсер етеді дейді мамандар. Ғалымдар теңіздегі биоалуандылықты сақтап қалу үшін суасты роботтарының өзге де түрлерін жасап шығаруды көздеп отыр.