Еуропа киберқауіпсіздікті күшейте бастады. LIVE

Еуропалық Одақтағы киберқауіпсіздік агенттігі кибершабуылдардан қорғауды қамтамасыз етуге жауапты.

Екі жыл бұрын ЕО киберқауіптерден қорғау туралы директиваны қабылдаса, биыл киберқауіпсіздік ережесін қабылдады. Брюссельдегі тілшіміз Жанат Эрнст қазір бізбен тікелей байланыста. Еуроодақтағы киберқауіпсіздікті күшейту бойынша жұмыстар қалай жүріп жатыр?

Жанат Эрнст, тілші:

- Жақында Microsoft желілері дұрыс жұмыс істемей киберқауіпсіздік жүйелерін жеткізушіге қатысты мәселелер туындаған еді. Бұл осы салада жаһандық  жүйенің қаншалықты осал екенін көрсетті. Желідегі ақау денсаулық сақтау, банк ісі, әуе қатынасы және бұқаралық ақпарат құралдары сияқты салаларға бүкіл әлемге әсер етті. Сарапшылар бұл істі тікелей кибершабуылмен байланыстырмаса да, Еуропадағы ең маңызды инфрақұрылымның ауқымы киберқауіпсіздік мәселесін көтеруге мәжбүрледі.  Кәрі құрлықта болашақта мұның алдын алу үшін бірнеше заңнамалық нұсқалар бар. Екі жыл бұрын Еуроодақ 18-ден астам сектордағы киберқауіпсіздікті күшейту үшін арнайы директива қабылдады. Жеке деректерді қабылдау және өңдеумен байланысты барлық компанияларға, шағын және орта кәсіпорындарға киберқауіпсіздік деңгейін арттырып, қадағалауды күшейту тапсырылды. Еуроодақтың ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерри Бретонның осы заңнамалар туралы айтқан сөзің тыңдап көрейік. 

Терри Бретон, Еуроодақтың ішкі нарық жөніндегі комиссары:

- Кибертұрақтылық туралы арнайы ереженің қабылдануымен біз Еуропадағы киберқауіпсіздік талаптарының деңгейін көтереміз. Интернеттің дамуымен осы саладағы осалдық қаупі артып келеді. Сондықтан ережелерді сақтау маңызды. Тұрмыстық техника, компьютерлік ойындар немесе мобильді қосымшалар сияқты өнімдердің көпшілігін тек өндіруші бағалайды. Бірыңғай стандарттарды қолдану немесе үшінші тарап сәйкестігін бағалау тек киберқауіпсіздік тұрғысынан маңызды тауарларға қатысты болады. Бұл антивирустық бағдарламалық қамтамасыз ету немесе желіні басқару жүйелері.

Жанат Эрнст, тілші:

-Сонымен қатар Еуроодақ қарулы күштер мен әртүрлі салалар үшін маңызды болып табылатын чиптерді пайдалану саясатын қайта қарастыруды жоспарлап отыр. НАТО-ның соңғы саммитінде Бельгияның Монс қаласында жаңа киберқауіптерден қорғаныс орталығын құру туралы шешім қабылданды.