Дональд Трамп пен Биньямин Нетаньяху кездесті

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кездесті, деп хабарлайды 24kz.

«Соңғы рет 4 жыл бұрын жүздескен саясаткерлердің бұл жолғы кездесуі президенттік сайлау алдында саяси ұпай жинап, қарым-қатынасты реттеуге арналды», - дейді сарапшылар. Кездесу барысында Трамп Камала Харристі дискредиттеуге тырысса, Израиль үкімет басшысы Палестинадағы соғыстың қашан тоқтайтыны туралы мардымды жауап бермеген. Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында өткен кездесуде Палестинадағы соғыстың құрбандары, тұтқындарды босату және бітімгершілікке келу сынды мәселелер сөз болған. Ал, Израиль үкімет басшысының Флоридаға келетінін білген жергілікті халық наразылығын білдіріп, көшеге шықты. Олар Палестинадағы соғысты тоқтатуды талап еткен.