Калифорния штатында дубляж актерлері шеруге шықты

АҚШ-тың Калифорния штатында дубляж актерлері кино саласына жасанды интеллектіні енгізуге қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.

Олар, дауыстары мен сырт келбетін генеративті технологияда қолданып, өңделген материалдар үшін өтемақы талап етті. Қазір 160 мыңнан астам актер ойын әзірлеушілерімен жұмыс істеуден бас тартып отыр. Оның ішінде ең ірі трансұлттық Медиа корпорация, Дисней де бар. Осыған дейін киноиндустрия қызметкерлері 2016 жылы бейне және ойын өндірушілеріне қарсы наразылық білдірген еді. Нәтижесінде, бір жыл ішінде актерлердің жалақысы көтерілді.