Нью-Йорк метросында қару-жарақ тексеретін сканер қойылды

Нью-Йорк метроларында жолаушыларды енді жасанды интеллект көмегімен басқарылатын сканер арқылы тексереді.

Бұл кіріп шыққан адамдарда суық қару бар-жоғын анықтау үшін жасалып отыр. Пилоттық жоба Манхэттендегі метро бекеттерінде 30 күн бойы іске асырылады.

Егер сәтті шықса, АҚШ-қауіпсіздік комитеті жобаны ары-қарай қолдауды жоспарлап отыр. Өйткені АҚШ-та кейінгі уақытта атыс-шабыс фактілері жиі тіркеліп, тәртіпсіздік белең алған.