Түркияда жаңа заңға қарсы шеру өтті
Түркияда мыңдаған тұрғын үкімет ұсынған жаңа заңға қарсы шеруге шықты.
Құжатта көше қауіпсіздігін сақтау мақсатында қаңғыбас иттердің санын азайту көзделген. Биліктің мәліметінше, ел аумағында 4 млн астам көше кезген қаңғыбас ит тіркелген. Жергілікті халық болса үкіметтің бұл бастамасы жануарлардың құқына нұқсан келтірумен тең деп наразылық танытып отыр. Осы себепті бірнеше аптадан бері ел аумағында заңға қарсы шерулер тыйылар емес. Парламент комитеті жобаны мақұлдады. Енді ассамблея мүшелері толық дауыс берсе, заң күшіне енеді.