ҚР ІІМ: Былтыр жаңа туған нәресте саудасының 19 фактісі тіркелді

Әлемде адам саудасының әрбір үшінші құрбаны - бала. Және олардың көпшілігі - қыз балалар, деп хабарлайды 24kz.

Біріккен ұлттар ұйымының адам саудасы туралы Дүниежүзілік есебіне сәйкес, балалардың ересектерге қарағанда зорлық-зомбылыққа ұшырау ықтималдығы екі есе жоғары. Қазақстан Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша өткен жылы елімізде жаңа туған нәрестелер саудасының 19 фактісі тіркелді. Осы істерге қатысты бар 15-ке жуық адам жауапкершілікке тартылды. Биыл мұндай 6 дерек тіркелді. Ведомствоның мәліметінше, балалар 100 мың теңгеден 2 миллион теңге аралығында сатылған.

Адам саудасына қатысты деректер:

2023 ж. 19 жағдай тіркелді

2024 ж. 6 жағдай тіркелді

Балаларды 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бағалаған