Израиль «Хезболла» қолбасшыларына соққы берді

Израиль әскері Бейруттегі «Хезболла» қолбасшылығына соққы бергенін мәлімдеді.

Операция Голан жоталарына жасалған зымыран шабуылына жауапты қолбасшыға қарсы бағытталған. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 68-і зардап шеккен. Ал Израильге қарсы операцияны басқаратын аға қолбасшы Фуад Шукр аман қалған. Бұл туралы Би Би Си хабарлады. Бейруттегі жарылыстардан бірнеше минут өткен соң Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант X әлеуметтік желіде «Хезболла» қызыл сызықтан өтті» деп жазды. Өз кезегінде Ливан премьер-министрі бұл шабуылды айыптап, оны «Израильдің ашық агрессиясы» деп атады.