Венеция турист ағынын бақылауға алды
Венеция билігі туристер ағынын бақылау үшін жаңа ережелер енгізді.
Енді қалаға келетін туристік топтағы адам саны 25-тен аспауы керек. Сондай-ақ гидтерге экскурсия кезінде дауыс зорайтқышты пайдалануға тыйым салынды. Егер тәртіпсіздік болған жағдайда туристер мен гидтерге 25-тен 500 еуроға дейін айыппұл салынады. Аталған шаралар жергілікті тұрғындардың тыныштығын және Венеция көшелерінде жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Қазір қала орталығында сондай-ақ Мурано, Бурано және Торчелло аралдарында бақылау күшейтілді.