Сеулде банан мол өнім берді

Сеулде банан мол өнім берді

Күннің ыстығы біреуге қиын болғанымен біреуге жайлы.

Сеулде күннің қатты ысуы банан өсіруші шаруаларға қолайлы болып тұр. Фермерлер биыл мол өнім алды. Мұнда субтропикалық жемістерді өсіру алқабы былтыр 295-тен 3305 гектарға ұлғайған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен шамамен 10 есе көп. Қазір елдің оңтүстік аумағында 67 банан фермасы жұмыс істеп тұр. Онда өндірілетін жеміс-жидек дүкенде арзанға сатылып жатыр. Ғалымдар биыл елдегі климаттық жағдай субтропикалық аймаққа ұқсап тұр дейді.