Парижде полиция босқындар лагерін эвакуациялады
Парижде полиция алаңға шатыр тігіп, жатып алған жұртты эвакуациялап әлек.
Жазғы Олимпиада ойындары кезінде мигранттар қала орталығына уақытша лагерь құрып, жайғасып алған. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздері жариялады. Олардың мәлімдеуінше, мигранттар Олимпиада қонақтарынан жасырғысы келген өзекті мәселені осылайша жария етпек болған. Босқындар биліктен баспана сұрап отыр. Олардың көбі – бірнеше жыл бойы үй кезегінде тұрғандар әрі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар.