Tesla Қытайда сатылған 1,7 млн электр көлігін кері қайтарады

Tesla Қытайда сатылған 1,7 млн электр көлігін кері қайтарады

Жүріп келе жатқан көліктің жүк салғышы ашылып кетуі мүмкін. Америкалық Tesla компаниясы Қытайда сатылған бір миллион 700 мың электр көлігін кері қайтарады, деп хабарлайды 24kz.

Оған жаңа айтқан жүксалғышқа қатысты ақау себеп. Мұны жою үшін бағдарлама жүйесін жаңарту керек. Өткен аптада ғана Tesla АҚШ-та сатылған бір миллион 800 мың темір тұлпарын кері қайтаратынын жария еткен. Онда да бағдарлама жүйесінде ақау табылған, яғни, көліктің жүк-салғышы ашылып кетуі мүмкін. Ал бұл жолда қауіп тудырады.