Күн ыстықта ұшақпен ұшу қауіпті
Әуе рейстері неге үнемі кешігеді?
Ұшқан кезде ұшақ неге салдырлайды? Бұған әсер ететін фактор көп. Соның бірі күннің ыстығынан болады дегенге сенесіз бе? Geophysical Research Letters журналының зерттеушілері, келер жылдарда турбуленттілік жиі болады деп болжап отыр. Айтуларынша, кейінгі жылдары күннің қызуынан болатын турбуленттілік деңгейі 55 пайызға өскен. Airbus және Boeing сынды ұшақтар 50 градус ыстықта көкке қауіпсіз көтеріле алады, ал кішігірім аймақтық ұшақтар үшін бұл қауіпті.
ЦИТАТА
Ұшақтарға қоңыр салқын ауада ұшқан әлдеқайда жеңіл. Өйткені ауа қызған кезде оның тығыздығы төмендейді. Соның салдарынан қанаты мен артқы бөлігіне салмақ түседі. Бұл дөңгелегі мен тежегішіне кері әсер етеді.
Кэтлин Бэнгс, аэроғарыш журналисі:
Аптаптың адам денсаулығы мен көлік инфрақұрылымына келтірер залалы бірдей. Сондықтан саяхат кезінде ауа райына байланысты қандай-да бір ескертулер жасалса, құлақ түрген абзал.
Кейінгі жылдары әлемде көлік апаты пойыздардың жолдан шығып кетуі, рейстердің кешігуі сынды оқиғалар жиілеп кетті.
Жыл сайын шамамен 1 миллион, 300 мың адам жол апатынан түрлі себеппен көз жұмады. Жол үстіндегі оқыс оқиғаға әсер ететін фактордың бірі қолайсыз климат. Соның ішінде аптаптың көлік инфрақұрылымына кері әсер ететін тұсы көп.
Нью-йорк көпірлері қирап тұр
Нью-Йорктегі Манхэттен мен Бронксты байланыстыратын Үшінші Авенью көпірі тақауда ғана ыстыққа шыдас бермей істен шықты. Айналмалы көпір, қалада сынап бағанасы 35 градусқа көтерілгенде, көпірдегі металл бөлшектер кеңейіп, белгілі уақыт ішінде жабыла алмай, ашық күйінде қалған. Салдарынан, Гарлем өзенінің екіжағындағы көліктер кептеліп, халықтың әбігерге түскені бар. Алайда осыған ұқсас жағдай АҚШ-та жиі болады.
Көлік департаментінің мәліметіне қарағанда ел бойынша 46 мың көпір ескірген. Барлығы 617 мың көпір барын ескерсек, әр 13-көпірден жүру қауіпті деген сөз. Оның ішінде 17 мыңы апатты жағдайда деп танылды. АҚШ жаңа басшысын сайлағаннан кейін жолдар да түзелер деген үміт. Өйткені 2021 жылғы есеп бойынша көпірлерді жөндеуге 125 млрд доллар қаражат бөлінбеген.
ЦИТАТА:
АҚШ-та жол-көлік қатынасындағы инфрақұрылым қазіргі қолайсыз климатқа арналмаған. Сондықтан ескіре береді. Өйткені, кейінгі жылдары климатты алдын-ала болжау қиын. Ал инфрақұрылымды жөндеуге қаражат дер кезінде бөлінбесе, көпірді бұзып, жаңасын тұрғызғаннан басқа амал қалмайды. Бұл ретте қала тұрғындарының тарапынын наразылық күшейеді, әрі шығын көлемі де артады.
Рэдли Хортон, Нью-йорктегі климат өзгерісі бойынша сарапшылар тобының маманы:
ГРАФИКА
АҚШ-тағы көпір саны
Барлығы - 617 000
Ескіргені - 46 000
Апатты жағдайда - 17 000
Әлемде пойыз апаты көбейді
Аптап тек тас жолдарды емес, темір жолдарды да қисайтып жібереді. Сынап бағанасы 50 градусқа жеткенде, рельстер қызып, пішіні өзгереді. Көп жағдайда пойыздардың жолдан шығып кетуі содан. Мұндай жол апаты Үндістанда, Бангладеште жиі болады. Жыл сайын миллиондаған адам көз жұмады. Сондай-ақ Нью-Йорктегі теміржол тасымалындағы ірі Эмтрак және Нью-Джерси компаниялары өткен айда күннің ысуына байланысты, пойыздардың жылдамдығы шектеліп, кей бағыттарға қатынас тоқтаты.
Кристиан Даль, Климат пен энергетикалық ғалымдар одағының мүшесі:
- Ауа температурасы жоғарылаған кезде, теміржолдағы рельстердің болат элементтері едәуір қызады. Бұл ретте пойыз жылдамдығын шектеген абзал. Пойыздар кестеден кешігу мүмкін. Бірақ жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды.