Солтүстік Каролина штатына су тасу қаупі төнді

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында тропикалық дауыл соғып, шелектеп жаңбыр жауып, өзенде су деңгейі көтеріле бастады.

Билік ондаған округке тасқын қаупі төнгенін ескертті. Әсіресе Шарлотта қаласында Литл-Шугар-Крик өзенінде су тез көтерілуде. Қауіптің алдын алу үшін бригада жақын маңда орналасқан тұрғындарды шұғыл эвакуациялап жатыр. Бұған дейін тропикалық дауыл Вирджиния, Флорида штаттарында ойран салып, 6 адам опат болған еді.