Кабулды басып алған күн мемлекеттік мереке болып жарияланды

Ауғанстанда 14 тамыз мемлекеттік мереке деп жарияланды.

3 жыл бұрын бұл күні тәліптер ел астанасы Кабулды басып алып, билік солардың қолына өткен. Сол кезде мемлекеттің бұрынғы басшысы Ашраф Гани елден кетуге мәжбүр болған. Бұл әрекетінен кейін оған қаытсты көп сын айтылды. Бірақ Ашраф Гани мұны өз қауіпсіздігі емес, қала халқының тыныштығын сақтау үшін жасағанын айтты. Енді 14 тамыз Президент үкіметінің құлаған күні ретінде атап өтіледі.