Пуэрто-Рикоға алапат дауыл жақындады

Кариб теңізіндегі Пуэрто-Рико еліне алапат дауыл жақындады, деп хабарлайды 24kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша Пуэрто-Рикоға қарай бет алған желдің жылдамдығы сағатына 65 шақырым. Осыған байланысты ел билігі мектептер мен мемлекеттік мекемелерді уақытша жабуды бұйырды. Ұлттық дауылды бақылау орталығы жергілікті тұрғындарға дауылдың қауіпті екенін ескертіп, сақ болуға, сондай-ақ, шұғцыл эвакуациға дайын болуға шақырды.