Дохада Израиль - ХАМАС қақтығысы талқыға түсті
Қатар астанасы Дохада Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімнің жаңа кезеңі басталды.
Келіссөзге Қатар, Египет, АҚШ және Израиль қатысады. Ал ХАМАС қалыс қалды. Алайда Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Джон Кирби Қатар мен Египеттен келген делдалдар ХАМАС-пен келісетінін айтты. Ал ХАМАС Израиль әскерін толық анклавтан шығарғанда ғана Газа секторында бітімгершілік туралы келіссөздерден бас тартпайтынын мәлімдеді.