Ғалымдар: Стоунхендждегі 6 тонналық тас Шотландиядан әкелінген

Стоунхендж кешеніндегі ең үлкен тас Шотланиядан әкелінген. Бұған дейін ол Уэльстен жеткізілді деген пікір тараған, деп хабарлайды 24kz.

Бірақ Лондон университеттік колледжінің археологтары тастың минералдық құрамын зерттеп, басқа қорытындыға келген. Демек, алты тонналық алып тасты 200 шақырым емес, 750 шақырым жерден сүйреп жеткізген.

Айта кеткен жөн, Стоунхндж көне ескерткіштері Лондоннан 130 шақырым жерде орналасқан. Құрылысы 5 мың жыл бұрын басталған. Кешен 100-ге жуық алып тастан тұрады. Ол ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне кіреді.