Конгода маймыл шешегінен 570 адам көз жұмды
Конго демократиялық республикасында маймыл шешегін жұқтыру деректері артып барады.
Бір аптада қауіпті вирус тағы мың адамнан анықталды. Осылайша, жыл басынан бері тіркелген науқастардың саны 16 мыңнан асты. Көбі – жастар мен балалар.
Айта кетейік, қауіпті инфекция Африканың 17 еліне тарап кетті. Осыған байланысты Денсаулық сақтау ұйымы жуырда қара құрлықта маймыл шешегі эпидемиясын жариялаған.