Кіші Роберт Кеннеди президенттікке үміткерліктен бас тартты
АҚШ президенттігіне тәуелсіз үміткер кіші Роберт Кеннеди сайлауалды науқанын тоқтатып, үміткерліктен бас тартты, деп хабарлайды 24kz.
Енді ол Дональд Трампты қолдамақ. Бұл туралы ол Аризона штатында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Кіші Кеннеди мұндай қадамға өзінің жеңіске жете алатынына сенбегендіктен барған.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп саяси додада жеңіске жеткен жағдайда аталған саясаткерге үкіметтен қызмет ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді. Ол үшін кіші Роберт Кеннеди президенттікке үміткерліктен бас тартуы керек деген болатын