Израиль Ливанға әуеден соққы жасады
Израиль әскері Ливанға әуеден соққы жасап, «Хезболла» нысандарына шабуылданған.
Бұл туралы Израиль тарабы хабарлады. Айуларынша, кейінгі 10 ай ішінде «Хезболла» еврей еліне 6,5 мыңнан аса реактивті снаряд пен жарылғыш заттары бар дрондар ұшырған. Өз кезегінде Израиль жауап қайтаруға көшкен. Осыған байланысты Израильде 48 сағатқа төтенше жағдай жарияланды. Алдағы уақытта қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізуі тиіс.