Үндістан мен Бангладеште тасқынның беті қайтар емес

Үндістанда тасқын салдарынан 65 мың адам үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір олар уақытша лагерьлерді паналап жатыр. Барлығы – елдің шығысындағы Трипура штатының тұрғындары. Мұнда ауа райына байланысты қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланған. Аймақта тасқыннан 23 адам опат болды. 1 миллион 700 мың тұрғын зардап шеккен. Штатпен шекаралас Бангладеште тасқын зардабын тартып отырғандар одан да көп, 3 миллион адамға жуықтайды. Мұнда да нөсер толастар емес.