Желіде Павел Дуровты қолдау флешмобы жүріп жатыр
Қазір желіде Телеграм басшысын қолдау акциялары жүріп жатыр.
Мессенджерде #FREEDUROV хэштегі тарауда. Қолдау танытып жатқандар қатарында танымал тұлғалар аз емес. Солардың арасында Илон Маск, американдық журналист Такер Карлсон бар. Барлығы да бұл оқиға сөз бостандығын шектеу деп отыр. Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиевтің айуынша, Телеграм Қазақстандағы ең танымал мессенджер. Елімізде қолданушылар саны 12 миллионнан асады. Бұл сервистің жергілікті қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді дейді министр. Жасұлан Мәдиев сондай-ақ Павел Дуровтың Қазақстанға жақында жасаған сапары жайлы да еске салды. Ол кезде кәсіпркер ауыл балаларын қолдауға бағытталған жобаға 365 мың доллар бөлген еді.