Өзбекстанда халықтық дипломатия өкілдері кездесті
«Түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынас жоғары дәрежесін сақтап келеді».
Өзбекстанда бас қосқан туыстас елдердің халықтық дипломатия өкілдері осындай пікір білдірді. Ташкентте «Орталық Азия – біртұтас кеңістік және көзқарас» форумы өтті. Басқосуға аймақ елдері бастамашы болып, түрлі ұлт пен конфессияаралық байланыс мәселелері қаузалды. Мамандардың айтуынша, түркі мемлекеттерінің ынтымағы қазір мығым. Орталық Азия деңгейіндегі қарым-қатынас та жоғары деңгейде. Байланысты осы деңгейде сақтап қана қоймай, оны одан әрі нығайта түсу маңызды. Сондықтан тараптар халықтық дипломатия өкілдерінің жұмысын жетілдіруге ниетті. Бұл іске өнер, мәдениет және спорт саласының майталмандары атсалысып жатыр.
Ассоль Молдокматова, Қырғызстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
- Әр мемлекеттің халық дипломаттары болғаны жөн. Ол дегеніміз өте қуатты күш. Мұны дұрыс пайдалансақ, әлемде бейбітшілік мәңгілікке орнайды. Тек түркі мемлекеттері емес, басқа да тараптар халықтық дипломатияны таңдап, белгілі бір миссиясына қол жеткізе алады. Бауырлас елдер осыны терең түйсініп отыр. Енді біз рухани құндылықтарымызды дәріптеу жолына түстік.