Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Парижде қамауға алынуына байланысты компания өкілдері ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24kz.

Онда «әлеуметтік желі Еуропалық Одақтың заңдарын сақтайды және Индустрия стандарттарына сәйкес келеді әрі Павел Дуровты айыптау ақылға қонымсыз», делінген. Компания бұл жағдай тез арада шешіледі деп үміттеніп отыр. Егер сот үкімі шықса, Дуров 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, әлеуметттік желі есірткі айналымына және өзге де қылмыс түрлерінің жасалуына негізгі платформа ретінде қызмет етіп келгендіктен күдікке ілінген.