Павел Дуров Нобель сыйлығына үміткер атанды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Нобель сыйлығына үміткер атанды.

Бұл туралы «Еуразия халықаралық университетінің» ректоры Константин Клименко мәлімдеді. Оның айтуынша, Дуровтың үміткерлігін Африка мен Азия елдеріндегі бірқатар университет пен қоғамдық ұйым өкілдері қолдаған. Бұдан бөлек, ол қараша айында Дубайда өтетін БРИКС форумына құрметті қонақ әрі спикер ретінде шақырылған. Егер танымал кәсіпкер осы уақытқа дейін Франциядағы түрмеден шығарылмаса, аталған жиынға қашықтан қосылу мүмкіндігі берілмек.