Швейцария мен Польшада АЭС салынады
Еуродақ елдері де атом электр станциясын салуға басымдық бере бастады, деп хабарлайды 24kz.
Мәселен, Швейцария үкіметі бұған дейін оны салуға жарияланған тыйымды алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлады. Олардың сөзінше, билік 2017 жылдан бері қолданыстағы заңнамаға жыл соңына дейін өзгеріс енгізбек. Ал парламент келер жылы бұл мәселені бүге-шігесіне дейін талқылайды. Қазір Швейцарияда 4 ескірген атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Ал Польша билігі алғашқы атом электр станциясы құрылысына шамамен 1 млрд еуро қаражат бөледі. Қаржы министрі осылай деп мәлімдеді. Атом электр станциясы елдің, солтүстік-батысындағы Поме-рания облысында орналасады. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталуы керек. Ол, америкалық технология негізінде жүргізіледі. Билік бірінші қондырғыны 2033 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Еуропалық одаққа мүше Финляндия, Словакия және Венгрия сияқты 12 елде атом электр станциялары жұмыс істейді.