Нигерияда маймыл шешегіне қарсы вакциналау науқаны басталды

Африка елдерінде маймыл шешегі вирусының жылдам таралуына байланысты вакциналау жұмыстары жалғасып жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің айтуынша, аймақта алғаш болып Нигерия билігі жұқпаға қарсы екпе салдыруды бастап кетті. Қазір мұнда Америка құрама штаттарынан 10 мың вакцина дозасы жеткізілді. Конго республикасы да тұрғындарға екпе салдыруға басымдық беріп отыр. Айта кетейін, маймыл шешегі Африканың 13 елінде анықталды. Жыл басталғалы жұқпаның шамамен 15 мың жағдайы тіркелді. 26 адам аурудан көз жұмған.