Жапонияда нөсер жауын толастамай тұр
Жапонияның Кюсю аралында «Шаньшань» тайфунынан 6 адам опат болды.
Тағы 120-дан аса тұрғын жарақат алған. Қазір аймақта нөсер толастамай тұр. Оның соңы тасқын мен лай көшкініне ұласқан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүрдек пойыздардың қозғалысы шектелді. Ондаған әуе рейсі кейінге шегерілген. Мамандар өңірде тасқын мен лай көшкінінің қаупі әлі де жоғары екенін ескертеді.