Газа секторында полиомиелитке қарсы вакцинация басталды
Газа секторында полиомиелитке қарсы егу науқанына әзірлік аяқталды, деп хабарлайды 24kz.
Аймақта балалардың алғашқы легі вакцина ала бастады. Бұл туралы ДДСҰ жергілікті өкілі хабарлады. Олардың сөзінше, екі кезең бойынша 10 жасқа дейінгі 640 мың бала жұқпаға қарсы егіледі. Қазір 1,2 млн доза вакцина қоймада сақтаулы тұр. Ұйым тағы 400 мыңын жеткізеді. Еске салайық, Израиль полиемиелитке қарсы егу науқаны кезінде қақтығысқа уақытша үзіліс жасауға келісті.