Джорджияда атыс ашқан оқушының әкесі қамауға алынды
АҚШ-тың Джорджия штатындағы мектепте оқ атқан жасөспірімнің әкесі қамауға алынды.
54 жастағы Колин Грейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған 8 түрлі айып тағылды. Тергеу мұны баласына суық қару ұстауға рұқсат беруімен байланыстырып отыр. Айта кетейін, бірер күн бұрын штаттағы орта мектептердің бірінде 14 жастағы жеткіншек мұғалімдер мен оқушыларға оқ атып, 4 адам мерт болды. Қаскөй қылмыстың ең ауыр түрі бойынша айыпталып, ересек адам ретінде сотталуы мүмкін.