Ұлыбританияда түрмеде отырғандар саны көбейді
Қазір түзету мекемелерінде 89 мыңдай адам жазасын өтеп жатыр.
Бұл – Батыс Еуропа бойынша ең жоғары көрсеткіштің бірі. Оған қылмыспен күрестің күшеюі себеп. Сондай-ақ коронавирус пандемиясынан кейін соттардың жұмысы тоқтап, үкімін күткен адамдар да көп. Енді келер аптада Ұлыбританияда жаңа заң күшіне енуі тиіс. Оған сәйкес түрмеде отырғандар жаза мерзімінің 40% өтегеннен кейін бостандыққа шыға алады. Қазір сотталғандар жазасының жартысын өтеуі қажет.
Жергілікті ақпарат құралдары билік сотталушыларды Эстонияға жіберу мүмкіндігін қарастырып жатқанын да жазады. Ұлыбританияда түрмеде отырған адамды бір тәулік ұстауға бюджеттен 50 мың фунт стерлинг жұмсалады екен. Ал Эстонияда шығын 5 есеге дейін аз болуы мүмкін.