Амазон орманында өзендер тартылып жатыр

Бразилияның Амазон орманында өзендер тартылып жатыр.

Кейбірі тіпті құрғап қалған. Соның салдарынан аймақта кеме қатынасы қиындай түсті. Геология қызметі өкілдерінің айтуынша, алдағы күндері жағдай бұдан да нашарлай түсуі мүмкін. Жауын-шашынның аздығынан су арналары бұрын-соңды болмаған деңгейге түседі деген қауіп бар. Ал бұған жергілікті жұрт қатты алаңдап отыр. Су болмаса күнімізді қалай көреміз деп налиды.