Д. Трамп пен К. Харрис арасында алғашқы теледебат басталды
Дәл қазір АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен қазіргі вице-президент Камала Харрис арасындағы алғашқы теледебат өтіп жатыр.
Регламент жайлы не айтуға болады? Теледебат қандай форматта өтіп жатыр?
Трамп пен Харрис қандай мәселелерді көтерді? Қандай сұрақтарға жауап берді?
Йә, бұл Трамп пен Харрис арасындағы алғашқы теледебат. Бұл кездесу қос кандидат үшін өте маңызды. Себебі екеуінің шешуші штаттардағы дауыс айырмашылығы қазіргі уақытта аса үлкен емес, шамамен 2 процент. Сол үшін бүгінгі тартыс Пенсильвания және Мичиган сияқты шешуші штаттардағы дауыстарды жинауда маңызды рөл атқарады. Одан бөлек, бұл кездесу демократтар үшін өте маңызды. Есе қайтаратын уақыты деуге болады, себебі естеріңізде болса, Трамп пен демократ Байденнің арасындағы кездесуде демократтардың кандидаты осал болды және кездесу республткалықтардың жеңісімен аяқталды. Және бүгін Харрис тек өзінің атынан ғана емес, демократтардың атынан есе қайтаруға мүмкіндік алып отыр. Оған қоса демократтарды қолдаушылардың 30 проценті Харристің президенттік бағдарламасынан бейхабар дейді сарапышлар.
Регламент жайлы не айтуға болады? Теледебат қандай форматта өтіп жатыр.
Теледебаттың форматы бойынша кездесу 90 минутқа созылады. Сұрақтарды тек кездесудің модераторлары ғана қоя алады. Және сұраққа жауап беру үшін әр кандидатқа 2 минут уақыт беріледі. Және қарсы аргументтер айтуға қосымша 2 минут бөлінген. Дебаттың ережесі мен регламентіне қатысты түрлі ойлар айтылды, талқылаулар болды. Оның шіндегі ең өзектісі микрофонға қатысты. Мәселен, Харрис тарапы қос кандидаттың микрофонын 90 минут бойы өшірмеуді сұраса, Трамп тарапы әр кандидат сөйлеп болған соң оның микрофоны өшіруді талап етті. Себебі Байденмен өткен дебат осындай форматта өтті. Дегенмен кандитаттар бір-бірінің сөзін бөліп, пікірлерін айтуға тырысып жатты.
Трамп пен Харрис қандай мәселлерді көтерді? Қандай сұрақтарға жауап берді? Неге Пенсильванияда өтіп жатыр?
Екі кандидат әдеттегідей бірін-бірі дискредиттеуге тырысты. Харрис Трамптың Қытайдың қарулы күштерін күшейтуге атсалысқанын айтты. Ковид кезінде Қытай басшысын сынаудың орнына қолдағанын айтты. Трамп та қарап қалмады. Харристі Марксист деп айтты және экономиканың төменгі деңгейін айтты.
Жалпы сайлаушыларды қандай сұрақтар мазалайды? Кандидаттар неге акцент қойып жатыр?
Бұл жолы кандидаттар жастарға ерекше назар аударып жатыр. Generation z немесе қазіргі жастардың саяси белсенділігі өте жоғары. Және оларды ең көп толғандыратын мәселе ол инфляция мен өмір сүрудың қымбатшылығы. 31 процент. Сонымен қатар демократияға қауіп төніп тұр дегендер мен денсаулық сақтау саласына алаңдайтындар көп. Сауалнамалардың тағы бірі жасқа қатысты. АҚШ конституциясы бойынша президентікке үміткер болу үшін 35 жастан асу керек, бірақ жоғары жастың шегі бекітілмеген. Ал жастар жас шегінің болғанын қалайды. Олардың 73 проценті қолдайды бұл идеяны.