Мәскеуде тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды

Мәскеуде тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды.

Суық түскенше дәрігерлер халықтың тең жартысын вакциналауды көздеп отыр.

Мәскеуде екпе алу үшін енді сарылып кезек күтудің қажеті жоқ. Қарашаның қамы үшін бүкіл қала бойынша жылжымалы вакциналау пункттері ашылған. Дәрігерлер күн сайын кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

- Метродан шығып бара жатып, егу пункттін көріп қалдым. Уақыт жоғалтпай бірден вакцина салдырып алдым.

Мақсат – халықтың 60 пайызына екпе егу. Әсіресе, осал топтағы азаматтарды көптеп вациналау көзделіп отыр. Себебі биыл тұрғындар арасында тұмау жұқтыру жағдайлары әдеттегіден әлдеқайда ауыр өтеді деген болжам бар. Сондықтан ақ халаттылар вакцина салдырған абзал екенін айтады. Оның үстіне екпе егуге 5 минут та кетпейді дейді олар.

Андрей Рождественский, емхана бөлімшесінің меңгерушісі:
-
Арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тұрғындарға вакцина салмас бұрын дәрігер түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Сонымен қатар, дене қызуы, созылмалы ауруы және аллергияның бар-жоғы тексеріледі.

Тұрғындар тұмауға қарсы екпені қалалық емханаларда да ала алады. Ол үшін терапевтке немесе кезекші дәрігерге барса жеткілікті. «Бастысы, вакцинаны уақытысында салдыру керек», - дейді дәрігерлер.

Александр Саргин, дәрігер:
-
Екпені күздің басында алған дұрыс. Ең тиімді уақыт осы. Ол эпидемия алдындағы кезең.

Дәрігерлердің айтуынша, суық тиюмен салыстырғанда тұмау әлдеқайда қауіпті. Асқынып кетсе, бронхит, өкпе қабынуы мен делбе дертіне ұрындыруы мүмкін. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауру болдырмайтын екпе ек дейді мамандар.