Дунай өзенінде кеме қалдықтары табылды

Құрғаған Дунай өзенінің табанынан екінші дүниежүзілік соғыс кезінде батып кеткен неміс кемелерінің қалдықтары табылды.

Су көліктері 1944 жылы кеңес әскерінен шегінген кезде батып кеткен. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Биыл жазда күннің қатты ысуына байланысты су деңгейі төмендеп, өзеннің түбі көріне бастаған. Су астынан мұнара, командалық көпір сияқты кемелердің сынған бөліктері де табылды. Қазір Дунайдағы су деңгейі 1 жарым метрдей ғана. Ал тасқын кезінде өзен 6 метрге дейін көтерілуі мүмкін.