АҚШ-та 300 мың оқушы медиасауат курсынан өтті
АҚШ-та жалған ақпаратпен күрес мектеп қабырғасынан басталады.
Медиасауат бойынша арнаулы курс 20 штатта өтеді. Оның нәтижесі қалай?
Австралияда жалған ақпарат үшін айыппұл сала бастайды
Австралияда фейкпен күрес қатаңдайды. Бұл елде сайлау, денсаулық сақтау, төтенше қызмет және инфрақұрылым тақырыбында интернетте өтірік ақпарат таратқан онлайн құралдарға айыппұл салына бастайды. Компаниялар жылдық табысының 5%-ін беруге міндеттеледі. Платформалар жалған ақпараттың жолын кесу үшін ережелер құрып, бекітуі керек. Сондай-ақ басқа адамның жеке ақпаратын қасақана жариялағаны үшін 6 жылға соттау да заңға енгізілмек.
Қырғыз Республикасында жалған жаңалықтар 1 күннің ішінде өшіріледі
Қырғыз Республикасында жалған жаңалықтар 1 күннің ішінде өшіріледі. Онлайн контентті Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі мемлекеттік комитет бақылайды. Ол 2021 жылы құрылған. Фейк ақпаратты анықтауға арнаулы бағдарламаға енгізілген жүйелер мен алгоритмдер көмектеседі. Олар күмәнді контентті автоматты түрде өшіреді немесе бұғаттайды. Жыл басынан бері мыңнан астам фейк жаңалық өшірілген. Бұдан бөлек, үкімет 2 мың долларға дейін айыппұл салуды қарастырып жатыр.
Болгарияда журналистер ақпараттың рас-өтірігін тексеретін сайт жасады
Болгарияда жалған ақпаратпен күресетін арнаулы сайт жасалды. Оған мұрындық болған – осы елге белгілі журналистер. Factcheck платформасы суреттер мен мәтіндердің рас-өтірігін тексереді. Сондай-ақ сайттан фейк жаңалықтар психологиясына қатысты подкастар мен үйретуші бейнежазбалар табуға болады. Онлайн семинарға кез келген адам қатыса алады.
АҚШ-та 300 мың оқушы медиасауат курсынан өтті
АҚШ-та жыл басынан бері 300 мың оқушы медиа сауат курсынан өтті. Сабақтар 20 штаттың 500 оқу орнының бағдарламасына ресми түрде енгізілген. Бастама жергілікті коммерциялық емес ұйымға тиесілі. Осы курстардың арқасында оқушылар арасындағы фейк туралы дұрыс түсінік 40% ұлғайған. Ұйым келесі жылы тағы 1 млн баланы оқытпақшы.
Авторы: Ернат Мелсұлы.