Балиде қонақүйлер салынбайды

Индонезия билігі Балиде жаңа қонақүй құрылысын жүргізуге мораторий жариялады.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Мораторий 10 жылға дейін күшінде қалуы мүмкін. Ел үкіметі бұл шешімді аймаққа ағылған туристердің тым артып, жергілікті инфрақұрылымға, қоршаған ортаға жүктеменің көбеюімен байланыстырып отыр. «Сондай-ақ саяхатшылардың көптігі жол қозғалысына кедергі келтіреді дейді», – билік өкілдері.

Айта кеткен жөн, аралға жыл сайын миллиондаған турист демалуға келеді. Осы жылдың алғашқы жартысында 3 млн-ға жуық шетелдік саяхатшы Балиге бас сұққан.