Ресейде негізгі мөлшерлеме тағы да көтерілді

Ресейдің орталық банкі негізгі мөлшерлемені 18%-тен 19%-ке дейін көтерді.

Өйткені экономикаға инфляциялық қысым күшейген. Қазір көрші елде тауарлар мен қызмет көрсету ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. «Сондықтан қаржы-несие саясатын қатаңдату керек», – дейді мамандар. Осы мақсатта шілдеде ғана негізгі мөлшерлеме 16%-тен 18%-ке дейін ұлғайтылған. Көрсеткіш жыл соңына дейін тағы да көтерілуі мүмкін. Бұл мәселе Орталық банк директорлар кеңесінің 25 қазанға белгіленген келесі отырысында қаралады.

Эльвира Набиуллина, Ресей орталық банкінің басшысы:

- Біз келер жылы инфляция деңгейін 4% дейін төмендетуге ниеттіміз. Ол үшін қаржы-несие саясатын қатаңдатуды жалғастыра беруге дайынбыз. Бұл ретте негізгі мөлшерлемені көтеруге әзірміз.